Жаңалықтар

11 қаңтар 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Президенті Ислам Каримовпен кездесті.

И.Каримов Қазақстан басшысын лауазымына кірісу рәсімімен құттықтады.

- Мен бүгінгі тағы бір кездесуді пайдалана отырып, сені Нұрсұлтан Әбішұлы және барша Қазақстан халқын құттықтағым келеді. Мен сені халықтан бөліп-жармаймын, сенің табысың – бұл халықтың табысы. Халық саған сенім артып, өзінің алдағы тағдырын сенің президенттігіңмен байланыстырды. Бүгінгі ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзіңде айтқаныңдай, бұл ең әуелі Қазақстанның қол жеткізген табыстарын мойындау және тек мойындау ғана емес, алғыс білдіру болып табылады. Сонымен бірге мен жүргізілген және жүргізіліп жатқан барша ұлы әрі орасан өзгерістерде сенің өз қолтаңбаң бар екенін атап көрсетпекпін.  
Халық саған сенім артты. Алла-тағалла сенің бойыңа толайым талант берді. Ең әуелі өз халқыңды сүю, өз халқыңның алдында және ата-бабалар қалдырған өсиеттерге адал болу талантын берді. Ал ең бастысы, халықты ынтымақтастыру, адамдардың бойына нық сенім ұялату қасиетін берді.  
Біз әрдайым бірге болдық. Біздер ешқашан ажырағанымыз жоқ. Сені шын жүректен құттықтаймын. Бұл табыс қана емес, бұл жеңіс. Сондықтан да ұзақ жылдар бойы нақ осындай қалпыңда қалуыңа тілектеспін. Деніңе саулық, бақ-береке тілеймін.  
Әлбетте, мен өзбек пен қазақтың әрдайым бір-біріне иық сүйей беруін шын жүректен тілеймін. Өзбек халқында «Жолдасың қазақ болса, жолдан адаспайсың» деген мақал бар. Шын мәнісінде де біздер түбі бір туыстармыз. Мен Алла-тағалладан осы қарым-қатынастарымыздың сақталуын тілеймін, - деді И.Каримов Мемлекет басшысына.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар