Жаңалықтар

12 қыркүйек 2005
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өткен ІІ Азаматтық Форумға қатысты.

184.jpg

- «Осы аз ғана уақытта біздер көптеген мәселелерді шешу арқылы мемлекет пен үкіметтік емес сектордың серіктестік байланысының негізін қаладық», - деді өз сөзінде Президент.   
Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ынтымақтастығы жүйелі түрдегі сипатқа ие болды. ҮЕҰ-ды мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған республикалық және өңірлік бағдарламалары қабылданды. Әлеуметтік саламен айналысатын министрліктерде, барлық облыстар мен Астана және Алматы қалаларында консультативтік-кеңесші органдар құрылды. «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Заңның қабылдануы ҮЕҰ-ды гранттық негізде ауқымды әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға тартудың тиімді жүйесін құрды. Тек соңғы екі жылда өңірлік бағдарламалар шеңберінде әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға 173 миллион теңгеден астам, ал министрлік арқылы – 300 миллион теңге қаражат бөлінді.  
- Келесі онжылдықтың басында біз қаржыландыруды кезең-кезеңмен 1 миллиард теңге деңгейіне жеткіземіз, - деп атады Мемлекет басшысы.


Мемлекет басшысының II Азаматтық форумда сөйлеген сөзінің толық мәтінін <a href="


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар