Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

10 қаңтар 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Астанаға Қазақстан Республикасы Президентінің ұлықтау рәсіміне қатысуға келген бірқатар шетелдік қонақтарды қабылдады.

138.jpg

139.jpg

140.jpg

141.jpg

142.jpg

143.jpg

 

Біріккен ұлттар ұйымының атынан құттықтауын жеткізу үшін елордаға БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Сергей Орджоникидзе келді.  
- Мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевты БҰҰ атынан сайлаудағы жеңісімен құттықтадым. Бұл жеңіс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саладағы таң қалаларлық жетістігінің нәтижесі бола отырып, Сіздердің елдеріңіздің халықаралық деңгейдегі беделін аттырады. Біріккен ұлттар ұйымы Қазақстанның БҰҰ-ның түрлі бағыттардағы қызметтеріне өз үлесін қосып келе жатқаны үшін ризашылық білдіреді, - деді С.Орджоникидзе журналистерге арналған брифингте.

 

 

 

Мемлекет басшысының Польша Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Богдан Борусевичпен болған кездесуінде екіжақты сауда-экономикалық және энергетикалық ынтымақтастықтың, атап айтқанда Қазақстанның Одесса-Броды мұнай құбыры құрылысының жобасына қатысу келешегінің мәселелері талқыланды.  
- Менің осы сапарым Польшаның жаңа басшылығы Қазақстан мен ертеден қалыптасқан достық қарым-қатынастарды алдағы уақытта да дамыта беруге ықыласты екенінің дәлелі болып табылады. Биылғы жылы біз поляктардың Украинадан Қазақстанға қоныс аударылуының 70-жылдығын атап өтеміз. Осы орайда Қазақстанда тұратын поляк диаспорасы ұлттық мәдениеті мен дәстүрін дамыту үшін кең мүмкіндіктерге ие екендігін атап өткім келеді. Біз бұл үшін Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан халқына алғыс білдіреміз, - деп атап өтті Б.Борусевич.

 

Латвия Республикасының Премьер-Министрі Айгарс Калвитис журналистермен өткен брифингте екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің әлеуетін атап көрсетті.  
- Еуропалық Одаққа енуіміз арқылы бізде көлік тораптарын дамытудың жаңа мүмкіндіктері пайда болды. Сонымен қатар Қазақстан үлкен энергетикалық держава болуымен тек Латвия үшін ғана емес бүкіл Еуропалық Одақ үшін де шүбәсіз мүдделестік туғызады. Болашақта Қытайдан Қазақстан және Балтық теңізі арқылы өтетін транзиттік жол салу, сондай-ақ Қазақстан мұнайын Солтүстік Еуропаға жеткізу жөніндегі бірлескен жобаларды әзірлеу қажет деп санаймын, - деп атап өтті ол брифингте.

 

 

 

Мемлекет басшысының Болгария Республикасының Вице-Президенті Ангел Маринмен болған кездесуінде екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынас, туризм және энергетика салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. А.Марин Қазақстан Президентіне Болгария басшысының Елбасының 2006 жылы өз еліне сапармен келуі туралы шақыруын жеткізді.  
- Мен Сіздердің елдеріңіздің Президентімен тұңғыш рет кездесіп отырмын. Нұрсұлтан Назарбаев маған ірі мемлекеттік қайраткер ретінде үлкен әсер қалдарды, - деп атап өтті Болгария Вице-Президенті кездесуден кейін.

 

 

 

Францияның Индустрия министрі Франсуа Лоос Нұрсұлтан Назарбаевты жеңісімен құттықтап, мемлекет басшысына Президент Жак Ширактың хатын тапсырды.  
- Мен Нұрсұлтан Назарбаев мырзаны бүгінгі таңда Қазақстанда орныққан айқын экономикалық жағдаймен, сондай-ақ елдің ДСҰ-ға кірудегі келіссөздер процесіндегі табыстарымен және кластерлерді дамытуымен құттықтадым, - деп атап көрсетті Ф.Лоос.

 

Түрік Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Абдуллах Гюль Мемлекет басшысын Түркия халқының және Үкіметінің атынан сайлаудағы жеңісімен құттықтап, Президент Ахмет Неджет Сезердің мұсылмандардың Құрбан айт мерекесімен және Елбасының ұлықтау рәсімімен құттықтауын жеткізді.  
- Қазақстан қол жеткізген экономикалық және саяси реформалары Азия өңіріндегі «жарқын жұлдызға» айналды. Алдағы жылдары Сіздердің елдеріңіз Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен табысты даму мен өркендеудің тағы да үлкен қадамдарын жасайтынына сенімдімін, - деп атап көрсетті А.Гюль.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар