Жаңалықтар

27 мамыр 2016
Қазақстан Президенті Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартимен кездесті
Астана қ., «Тәуелсіздік сарайы»

 

Кездесу барысында ЕҚДБ-ның  Қазақстандағы қызметінің негізгі бағыттары қарастырылып, бұдан арғы перспективалық жоспарлары айқындалды.

Қазақстан Президенті Шетелдік инвесторлар кеңесі ЕҚДБ-ның  қатысуымен құрылғанына назар аударды. Мемлекет басшысы биыл банктің құрылғанына және біздің елдің Тәуелсіздік алғанына 25 жыл толуының символдық мәні бар екенін атап өтті.

– Осы жылдардың бәрінде ЕҚДБ республикамыздың сенімді серіктесі болып келеді. Біздің ынтымақтастығымызға 20 жылдан асып барады, мұндай өзара іс-қимылды өте жоғары бағалаймыз. 2014 жылы ынтымақтастығымыздың жаңа стратегиясы қабылданды, ол аса ауқымды жұмысты қамтиды, – деді Мемлекет басшысы.

С.Чакрабарти ЕҚДБ-ның Шетелдік инвесторлар кеңесін жаңадан шетелдік инвесторларды тартудың және біздің елдегі реформаларды ілгерілетудің тиімді тетігі ретінде қарастыратынын айтты.

– Кеңес мүшелері Сіздің көшбасшылығыңызды жоғары бағалайды. Жалпы, біздің серіктес болғанымызға 20 жылдан асып бара жатқанымен, оның шарықтау кезеңі соңғы жылдармен тұспа-тұс келіп отыр. Сондай-ақ Сізге және Сіздің елдің үкіметіне биыл ЕҚДБ президенті қызметіне қайтадан ұсынылған менің кандидатурамды қолдағандарыңыз үшін алғыс айтамын. Бұл ынтымақтастығымызды жалғастыру үшін тағы 4 жылға мүмкіндік береді, – деді  Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті.

С.Чакрабарти біздің елдің агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласында қол жеткізілген өзара іс-қимылдың деңгейі жоғары екенін атап өтті. Сондай-ақ ол ЕҚДБ қызметі үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығының құрылуының маңыздылығын айтты және еліміздегі жекешелендіру үдерісіне де қызығушылық білдірді.


Барлық жаңалықтар
 
Другие события рубрики Астана – Казахстан
Все события рубрики Астана – Казахстан