Жаңалықтар

2 шілде 2015
Елбасы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ еңбек ұжымына және Қазақстан Магниткасы ардагерлеріне алғашқы шойын қорытпасы алынуының 55 жылдығына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

Құттықтауда Қарметкомбинат пен бүкіл отандық металлургияның даңқты тарихында бұл оқиғаның маңызды белес болып саналатыны және ол әлі күнге өнеркәсіптің берік арқауы болып отырғаны атап өтілген.

«Бірінші домна пешінде Қазақстаныың алғашқы шойынын құюға қатысқандықтан, сол кезде қанша қажыр-қайрат жұмсалғанын жақсы білемін. Сіздердің еңбектегі ерліктеріңіз Қазақстанның жасампаз жылнамасына енді. Бүгінде комбинаттың өндірісті жаңғыртып және республика экономикасына қосатын үлесін ұлғайта отырып, қарқынды даму дәстүрін жалғастырып келе жатқаны қуантады», – делінген жеделхатта.

Соңында Мемлекет басшысы кәсіпорын ұжымының еңбегіне табыс, ал ардагерлерге мықты денсаулық пен бақ-береке тіледі.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар