Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

11 қаңтар 2006
«Ақорда» сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың лауазымына ресми кірісу рәсімі өтті.

135.jpg

136.jpg

Қазақстан Президентін ұлықтау рәсіміне қатысу үшін Астанаға әлемнің жетпістен астам елінен делегациялар келді. Мәртебелі меймандардың қатарында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Хамид Карзай, Хорватия Республикасының Президенті Стъепан Месич, Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримов, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонов, Украина Президенті Виктор Ющенко, Грузия Президенті Михаил Саакашвили, Қырғыз Республикасының Президенті Құрманбек Бакиев, сондай-ақ ҚХР Төрағасының орынбасары Цзэн Цинхун, Болгария Вице-Премьері Ангел Марин, Әзірбайжан Премьер-Министрі Артур Расизаде, Латвия Премьер-Министрі Айгарс Калвитис, Польша Парламенті Сенатының төрағасы Богдан Борусевич, Белорусия Халықтық Жиын Кеңесінің төрағасы Генадий Новицкий тәрізді парламент және үкімет басшылары, Еуропалық Одақтың Орталық Азия елдері бойынша арнайы өкілі Ян Кубиш, ЕҚЫҰ Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо, Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымының Бас хатшысы Николай Бордюжа, ЕурАзЭҚ Бас хатшысы Григорий Рапота, ТМД Атқарушы комитетінің Төрағасы Владимир Рушайло, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Атқарушы хатшысы Чжан Дэгуан, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Сергей Орджоникидзе, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының төрағасы Асхат Оразбай сияқты халықараралық ұйымдардың өкілдері бар.

Салтанатты рәсімге сондай-ақ Конституциялық кеңес мүшелері, Жоғарғы сот судьялары, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, біздің елімізде тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, орталық мемлекеттік басқару органдарының басшылары, үкімет мүшелері және облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдері, қоғамдық-саяси бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, көрнекті ғылым, мәдениет және өнер қайраткерлері, республиканың іскер топтарының өкілдері қатысты.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Конституциясына оң қолын қойып, Қазақстан халқының алдында ант қабылдады.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін», - деді Мемлекет басшысы.

Республикалық Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Оңалсын Жұмабеков Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Республикасы Президентінің куәлігін тапсырды.

Бұдан кейін Қазақстан Президенті ұлықтау рәсімінде сөз сөйледі.

Елбасының сөйлеген сөзінің толық мәтінін оқи аласыздар.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар